21 маусымда   Екібастұз  және Павлодар қалалары мен Шарбақты, Лебяжі, Успен, Павлодар аудандарының мектептері ҰБТ тапсырды. Тестілеу С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың базасында және ПМПУ, ЕИТИ-де өтті.

Бірінші күннің қорытындысы туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті.

- Кеше ҰБТ пункттеріне 1158 түлек келді, - деді Жомарт Қарамбаев. – Ұлттық тестілеу орталығы базасына 1208 өтініш түскен. 50 адам түрлі себептермен тест тапсыруға  қатыспады. ҰБТ-ның орташа балы – 90.

Ведомство басшысының орынбасары ұсынған мәліметке сүйенсек, 70 шақты мектеп бітіруші 50 баллдан төмен жинаған. ҰБТ-ға қатысу үшін бүгін 22 маусым күні 775 түлек өздерінде - Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир аудандарында тапсырады.  Сондай-ақ, Ақсуда жергілікті және ауылдық аймақтардың түлектері мен Май ауданының мектеп бітірушілері тест тапсырады.

Айта кетерлігі, ҰБТ қорытындысы бойынша әкімшілік қорытынды қабылданбайды және мектептердің арасында рейтинг  жүргізілмейді.

Еске сала кетейік, ҰБТ өткізу пункттерінде іске қосылған 58 негізгі және 14 резервтік аудитория 84 ұялы телефон байланысын басқыш, 92  бейне бақылау камерасы  және 16 металл іздегішпен жабдықталған.  

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім