Жаңа тұлпарлардың кілтін мемлекеттік қызметшілер күні  қарсаңында облыс әкімі Болат Бақауов тапсырды.

- Мемлекеттің күші оның қызметкерлері мен олардың жұмысының тиімді болуына байланысты, - деді Болат Бақауов. – Тек сонда ғана еліміз жетістікке жетіп, гүлденеді. Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, сіздер адал еңбектеріңіз үшін осындай құрметке лайықсыздар. Сіздерге алғысымды білдіремін.

Жалпы бюджеттің төртінші деңгейі 32 ауылда енгізілген. Төрт «Лада-гранта» мен 16 «Нива» көліктері Естай атындағы мәдениет сарайынан  өз ауылдарына кетеді. Бұған басқа, тоғыз көліктің кілті  ауыл әкімдеріне бұдан бұрын тапсырылған, ал үш көліктің құжаты әзірленуде.

Павлодар облысындағы ең жас әкім Данияр Айтышевтың айтуынша, жаңа көлік Тереңкөл ауылына дер кезінде жеткізілген.

- Качир ауданының орталығында сегіз мың адам тұрады, - деді ауыл әкімі. – Ауылды төртінші деңгейге аудару жұмысы қиын болған жоқ. Ол ауыл тұрғындарынан жіберілетін алты салық түрінен құрылады. Егер де  бұрын барлық қаражат ауданға аударылса, қазір қомақты сома ауылда қалады. Тұрғындар салықты уақытында төлеп тұрса,  тіпті жақсы болар еді.

Мереке қарсаңында павлодарлық шенеуніктерге аймақтың ең үлкен сахнасында көнцерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында  13 мемлекеттік қызметкер облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото:Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы