Комиссия мүшесі Майра Айсинаның сөзінше, мемелкет тарапынан Қазақстан бойынша 726 қызмет көрсетіледі. Оның 80 пайызы ХҚКО арқылы жүзеге асса, жартысынан көбі онлайн түрінде жасалады.

-  Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы мемлекет пен тұрғындарды жақындата түседі, - деді Майра Айсина.  – Біз санды Қазақстанға қарай келе жатырмыз. Бұл бағытта елімізде тұратын әр адаммен бірге қадам жасап отырмыз. Барлығымыз қызметтерді жеке алуға тырысуымыз керек. Сондықтан да, ХҚКО-да өз-өзіне қызмет көрсету секторына баса назар аударылады. Біз адамдарды оқытуға дайынбыз, бірақ олар да бұған тырысулары қажет.

Халық қалаулысының айтуынша, болашақта мемлекеттік қызметтің 90 пайызы ХҚКО-ы арқылы өткізіледі және олардың барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады.

-  Мысалы Эстонияда барлық қызымет онлайн түрінде ұсынылады. Олар енді ХҚКО-мен не істеу керек екенін білмей отыр, - деді Майра Айсина. – Десе де, әзірге Қазақстанда екі жүйе қатар жұмыс істейтін болады. Себебі, қарт адамдар электронды жүйені меңгермеген.

Павлодар облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Салтанат Ауппаева 2017 жылы ашылған ХҚКО-да күніне 200-300 тұрғынға 621 түрлі қызмет көрсетілетін алға тартты.

Жалпы Павлодар облысындағы ХҚКО-ы күніне екі мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетеді.

- Мен керекті анықтамаларды осы жерден аламын және бұған менің 15 минут уақытым ғана кетеді, - деді шағын аудан тұрғыны Халиса Самойленко. – Ғимарат өте кең, ал қызметкерлері сыпайы. Біздің аудан үлкен. Осында орталық ашқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Мәжілісмендер бүгін Павлодар қаласындағы көші-қон ХҚКО, автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-на барып, жұмыссыз және өз бетінше жұмыс істейтін әйелдермен кездесу өткізеді.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото:Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы