-  Бұл әзірге осы уақыт ішінде аймақта көріп отырған ең жақсы дəмхана, - деді Болат Бақауов. - Басқа аудандардың әкімдерін осында әкеліп үлгі ретінде көрсету қажет. Осы жол үстіндегі сервисте алғашқы үлкен автотұрақ ашу керек. Жол үстіндегі бизнесті он пайызға субсидиялу туралы шешім қабылдадық. Аумаққа асфальт төсеп, жарық тартамыз. 

Дəмхана иесі Салтанат  Кукузова тамақтану орны 2016 жылы 6 шілдеде ашылғанын айтады.

 - Дәмханада сегіз адам жұмыс істейді, - дейді Салтанат Кукузова. - Оның ішінде аспаздар,  даяшылар және тағы басқалары бар. Жұмысшылардың барлығы жергілікті тұрғындар. Бізге күніне 80 шақты адам келеді.             

 Павлодар - Омбы тас жолында орналасқан дəмхананы ашуға ерлі-зайыптылар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында екі рет пайызсыз үш миллион теңгеден несие алған. Алдағы уақытта ұлттық   өнімдер мен азық-түлік  сататын дүкен, техника жөндеу станциясы мен автотұрақ ашып, кəсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Болат Бақауов жуырда облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында аудандарда жол бойында орналасқан сервистерді сынға алып, әрқайсысын баспасөз өкілдерімен аралап шығуға уәде берген болатын.  

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор, Дархан Өмірзақов

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы