Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«РИХА» өндірген «Испанская» пісірілген-ысталған салями шұжығы сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактериялары, ал «Умут и Ко» ЖШҚ өндірген «День и Ночь» шоколад және ақ глазурдағы кілегей эскимосы сынамаларында тамақтан улану тудыратын Staphylococcus aureus анықталды», - делінген Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар, «Эмилия» ЖШС-нің 45% «голландиялық ірімшік» өнімінің сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Бұл ретте өндіруші «Эмилия» ЖШС жүргізілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардан, сондай-ақ зертханалық бақылаудан кейін Қазақстанның тұтынушылық нарығына қауіпті өнімді жібермеу туралы кепілдік берген.

Алайда бүгінгі күні осы кепілдіктер сақталмай отыр, бұл кәсіпорында тиісті өндірістік бақылаудың өткізілмейтінін, сонымен бірге логистика ережелерінің бұзылғанын көрсетеді.

«Бұл өнімдердің барлығы Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 КО ТР, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013 КО ТР, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 КО ТР және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» 022/2011 КО ТР техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді», - деді ведомстводан.

Бүгінде комитет сәйкес келмейтін өнімді алу және жою бойынша шараларды жүргізуде, республиканың барлық аумағында зертханалық бақылауды күшейтуде, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне аталған жосықсыз өндірушілердің қызметін бақылауға алу туралы хабарлама жіберілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: