Ленин кенті әкімінің орынбасары Руслан Оспанов кәсіпкер дәмхананы ашуға 15 миллион теңге жұмсағанын атап өтті.

- Дәмхананың иесі Саида Байжігітова толықтай өз қаржысына салып шықты, - деді Руслан Оспанов. – Бүгін кентімізде үлкен қуаныш болып жатыр. Өйткені коворкинг орталығы ашылып, «ГОСТ» дәмханасы да пайдалануға берілуде. Әкімдік тарапынан құжаттарды рәсімдеу жұмысына көмек көрсетілді. Бұл өте тиімді бизнес. Өйткені осы жол арқылы алысқа қатынайтын көптеген көліктер өтеді. Осында жүргізушілер келіп тоқтап тамақтанатын болады.

Руслан Оспановтың айтуынша, кәсіпкер бұрындары Павлодар қаласында ғимарат жалдап дәл осы кәсіппен айналысқан.

- Ай сайынғы жалдауға жұмсалатын қаржы бизнесін дамытуға мүмкіндік бермеген. Кейін аукцион арқылы екі жер телімін сатып алған. Оның біреуіне осы дәмхананы салып отыр. Алдағы уақытта екінші жер теліміне «Өзін-өзі жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, жүргізушілер мен жүргіншілер қонып демалатын қонақ үй салуды жоспарлап отыр, - деді әкім орынбасары.

Айта кетейік, кәсіпкер дәмхана ашу арқылы жеті адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Оразбек Саяхат

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы