Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

«Жалған ақпарат тарату бойынша ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімі бойынша (ақпараттық коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді қалалық ІІД баспасөз қызметі. Полиция ҚР ҚК 201-бабына сүйене отырып, тергеу құпиясына байланысты қосымша ақпаратты жарияламады.

Айта кету керек, менингококк жұқпасы мамырдың аяғы мен маусымның басында оңтүстік аймақта тараған болатын. ҚР ДСМ мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың басынан бері 63 дерек тіркелген. Оның ішінде 13 адам жұқпаның асқынуынан көз жұмды. Осыған байланысты, WhatsApp желісінде белгісіз әйел адам антибиотик дәрілерін оңды-солды қабылдау қажеттігі туралы аудиохабарлама таратқан еді.



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам