«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс  жөніндегі бөлімнің маманы Марина Шилконың  айтуынша, алғашқы әуе отынды құрайтын 80-ге жуық вагон-цистерна дайын.

-  Реактивті отын авиациялық отыны кәсіпорынды жаңғырту кезінде толық жөндеуден өткен зауыт мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің керосинді гидротазарту  қондырғысында өндіреді, - деді бөлім маманы. - Бұл жерде шикізат күкірт, азот, оттегі құрамды, соның ішінде реактивті қозғалтқыштар үшін қажетті отын көрсеткішіне жету үшін меркаптандарды жоюды қоса, қосылыстардан тазартылады, зауытта өндірілген отын халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Олар жеке көрсеткіштер бойынша  асып түседі.

Сонымен қатар, отын күкірттің өте төмен мөлшеріне ие және оның тозуға қарсы қасиеттері, жоғары химиялық және жылу-тотықтырғыш тұрақтылығы бар.

- Мұндай сапа көрсеткіштері технологиялық режімді қатаң сақтауға байланысты болады. Реактивті отын маркалы авиациялық отын жоғары белсенділікпен заманауи никель-молибден катализаторын қолданумен біріктірілген 25 кгс/см2орташа қысым кезінде 135–280ᵒC қайнау шегімен тікелей керосин фракцияларын гидротазарту арқылы алынады. Кәсіпорын аталмыш маркалы реактивті қозғалтқыштар үшін отын шығаруды жолға қою актісін,сондай-ақ оны өндірудің бекітілген технологиясын «Бүкілресейлік мұнай өңдеу ғылыми-зерттеу институты» АҚ алды. Сынап жүргізуді Haldor Topsoe және «Северодонецкий ОРГХИМ» АҚ мамандары жүзеге асырды. Іске қосу нәтижесінде қажетті сипаттамалары бар өнім алынды, - деді бөлімде.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың  маусымында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «ПМХЗ» ЖШС отыны Кеден одағының 013/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны тіркеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы