Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Успен ауданының әкімі Бауыржан Қасенов мәлім етті.

- Жобаны облыстық География үйі жүзеге асыруда, - деді Бауыржан Қасенов. – Бүгінгі күні Лозовое, Ольховка, Қоңыр Өзек ауылдарында тұратын топтар туралы деректер жиналды. Тыл еңбеккерлері, егде жастағы азаматтармен кездесулер өткізілуде. Жоба шеңберінде 2018-2019 жылдары таралымы 1000 дана болатын жинақ жарық көрмек.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» аясында 2018 жылы Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінде Успен ауданы тумаларының шығармашылық көрмесі, «Туған ел тұлғалары» жобасы барысында ауданның танымал тұлғаларымен кездесулер ұйымдастырылады.

Тамыз айында «Туған жерге тағзым» атты жерлестер форумы өтеді.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, Рухани