Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өткізілген жоспардан тыс брифинг барысында облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов  айтты.

- Ыстық ауа райынан ағымдағы жылғы 1-9 шілде аралығында судағы жазатайым оқиғалар күрт көбейді, - дейді Серік Шериязданов. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан барлық елді мекендердегі су айдындары 22 жағажай ресми түрде ашылғанына қарамастан, адамдар апаттық демалыс орындарында демалады. Павлодар қаласында - өзен порты мен өзен сапаржайының су айдыны, Усолка затоны, Химқалашығы ауданындағы су учаскесі және шопыр жағажайы деп аталатын автожол көпірі ауманы, «Алтын-Құм» демалыс аймағы, Ақсу қаласында Ақсу ГРЭС-нің су төгу арнасы, мұнай база жағалауы, бұрынғы жолаушылар жағалауы, Екібастұз қаласында – Екібастұз ГРЭС жасанды су қоймасы, Қ. Сәтбаев атындағы арнаның су қоймасы суға шомылу үшін қауіпті орындар.

Серік  Шерияздановтың айтуынша, су айдандарына адамдардың қаза болуына   судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу, мас күйінде тыйым салынған және қауіпті жерлерде, суда-құтқару қызметінің жауапты аймағынан тыс жерлерде (апаттық жағажайлар, шағын аралдар, өзен сағаларында) шомылу және үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруы себеп болады.  

Жаз  маусымының басынан бастап құтқару бөлімшелері  мен сүңгуір  апаттық-құтқару жасағы  судағы ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін   күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.
Сенбі және жексенбі күндері  Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінде демалыс аймақтарына демалушылардың саны  10 мың адамға жетеді. Өткен демалыс күндері екі азамат катамаранда құтқару жилетісіз серуендеу кезінде зардап шеккен. Куәгерлердің  сөзінше, олар  Жасыбай көліне батып кеткен. Сонымен қатар, биіктігі 2-3 метрден кәмелет жасқа толмаған бала құлаған. Қазіргі уақытта жеткіншек  жабық бас сүйік-мидың жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

- Біз тұрғындарды талай рет ескерттік,  - дейді бас құтқарушы Ерқанат Аққозинов. - Ертіс өзеніндегі судың деңгейі өткен жылдан қарағанда жоғары  және оның суға шомылу кезінде  маңызы зор. Жағажайларға жақын  және суға шомылу үшін аса қауіпті жерлерде 100-ден астам ескерту және тыйым салу белгісі орнатылған.  Облыстық орталықта және Екібастұз, Ақсу қалаларында азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет екендігін ескертетін баннерлер орналастырылған. 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар облысы