Әлеуметтік желінің көмегіне жүгінген павлодарлықтар аулаларындағы қоқыс жәшіктері үш күн бойы шығарылмағандығын айтады.

Жағдайды қалалық коммуналдық сектордың бас маманы Арман Қайруллинов түсіндіріп берді.

- Тұрмыстық қалдықтар күнделікті шығарылып отырылуы тиіс. Қазіргі уақытты қандай себеппен үзіліс  болғаны анықталып жатыр. Жергілікті полиция қызметіне хат жолдап қойдық, - деді бас маман. – Құқық қорғау органдары жауапты мекемелерге қатысты шешім қабылдауы тиіс. Аталған жағдайға қатысты біздің бөлім айыппұл сала алмайды. Бүгін қоқыстарды жинау үшін қала аулаларына 60 арнайы көлікпен 70 адам шықты.

Айта кету керек, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрғын үйлерден шығатын қоқыс жаз мезгілінде бір тәулік ішінде, ал қыста үш күн ішінде шығарылуы тиіс.

- Мерекелік және демалыс күндері «Спецмашин» ЖШС мен «Ақсервис» мердігер ұйымының 14 арнайы көлігі жұмысқа шығады. Жауапты мекемелер өткен демалыста да кесте бойынша жұмыс істеген.  Дегенмен, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілерде шағымдар түсіп жатты. Жалпы күніне қоқыс тазалауға 77  техника  шығады, - деді спикер.

Арман Қайрулинов қаладағы тұрғын үйлердің аулалары толықтай қоқыстан қашан тазартылып болатынын айта алмады.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото:Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы