Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Успен ауданының әкімі Бауыржан Қасенов айтты.

- Кабинеттерді Успен, Лозовое, Қоңыр Өзек ауылдарында ашуды жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі. – Жалпы, білім беру саласында 1 миллион 694 мың теңгені құрайтын «Атамекен» этноауылы, «Ұлттық ойындар», «Дарындыға дархан-жол», «Асыл сөз», «Жас қанат» атты бес жоба жүзеге асырылуда. «Мектебіме тағзым» жобасы аясында түлектер 3,6 миллионнан астам теңгеге өз мектептеріне көмек көрсетті. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «IT - сынып» ашылған болатын. Сол сыныпта 640 адам – цифрлық сауаттылықты, 80 адам – робот техникасы негіздерін оқыды.

Бауыржан Қасеновтың айтуынша, жазғы демалыс кезінде балалар Атырау облысы және Баянауыл аудандарының киелі жерлеріне саяхаттайтын болады. Атырау облысына облыстық топтың құрамында бес успендік оқушы аттанады.

Айта кетейік, 2018 жылы Успен ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 80-нен астам қоғамдық маңызды, әлеуметтік-мәдени шаралары бар 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобалардың жалпы құны – 8 миллион 944 мың теңге. Жыл басынан бері 6000 адамды қамтыған 70-тен астам шара өткізілді.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Успен, қоғам, Рухани