Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Талғат Баилов айтты.
 
-  Аталмыш бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін бір де бір өтініш түскен жоқ, - дейді Талғат Баилов. – Алайда өтініштерді қабылдауға дайынбыз. 20 пайыз алғашқы төлеммен баспаналы болу үшін  соңғы бес жылдың ішінде Алматы мен Астана қалаларында екі жылдың көлемінде тіркеуде болуы керек және өзінің жеке иелігінде  пәтері болмауы  тиіс.  Дегенмен,  бағдарламаның ережесіне сәйкес бірінші іріктеу кезінде  үй толық толмаған жағдайда екінші ретте  барлық азаматтар қатыса алады. Ол кезде оның пәтерінің бар-жоғы және мекенжай анықтамасы ескерілмейді. BASPANA.KZ  порталы арқылы тегін өтініш беріп, еліміз бойынша кез келген өңірден пәтер таңдауға болады. Қажет құжаттар тізімі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында көрсетілген. Павлодарда Абай көшесі, 75, Екібастұзда Строительная көшесі, 80 мекенжайы  бойынша және Ақсу қаласында «Астана» сауда үйінде менеджерлер  жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыс бойынша банктің штаттан тыс 60 кеңесшісі бар.  

Спикердің айтуынша, ең бастысы, қарызды төлеу қабілетіне және несие алу тарихының дұрыстығына,  ипотека бойынша берешегінің жоқтығына және несие жүктемесіне баса назар аудырылады, отбасы мүшелері есепке алынады.  Ал, қосалқы қарыз алушыға ондай талап қойылмайды.  

«7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алынатын  пәтер қолданысқа енгізіліген әрі бірінші нарықтағы үй болуы тиіс. Мұндай нысандар Павлодар қаласы бойынша Тәуелсіздік  даңғылы және Суворов көшесінде, сондай-ақ,  Екібастұз қаласында  бар.   
 
Қарызға берілетін ең жоғары сома  15 миллион теңгені құрайды. Егер де тұрғын үйдің бағасы одан жоғары болған жағдайда баспана алушы үстінен өзі қаражат қоса алады.  Яғни,   20 пайыз алғашқы жарнаның үстіне 12 миллион теңгені банк ұсынады.

Ақбота  Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика