Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

- Олардың ішінен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 75,1%-ды немесе 11520 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 63,4%-ын белсенділер (7307 бірлік), 23,1%-ы – уақытша қызметін тоқтатқандар (2661) және 13,5%-ы – жаңадан тіркелгендер (1552), - деді департаментте.

Салалық секторлар бөлігінде бәсекеге жарамдылығы жоғары көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндейтін кәсіпорындар – 32%-на (4912 бірлік) ие болды.

Шағын кәсіпорындардың үлес салмағы жалпы тіркелген кәсіпорындар санының 97,9%-ын құрады.

Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар - 86,4%, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 10,1% және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 3,5%.

Айта кетейік, кәсіпорындардың 68,4%-ы Павлодар қаласында, 17,1%-ы – Екібастұз қаласында, 3,3%-ы – Ақсу қаласында және 11,2%-ы – облыс аудандарында орналасқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, экономика