Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам бір позицияға төмендеп, сегізінші орынға орналасты. Өз кезегінде, жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров өз дивизионында тоғызыншы орыннан сегізіншіге көтерілді. Ал спорттық мансабын аяқтаған аса жеңіл салмақтағы Жанат Жақиянов 13-інші орынға жайғасты.

Еске салайық, өткен айда IBF қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырған болатын.

Спрингфилдте (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өткен тыңдалымға Головкин және IBF бекіткен оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) сонымен қатар екі спортшының командасы қатысты.

IBF комиссиясы екі тарапты да тыңдап шығып, Геннадийді IBF белдігінен айыру жөнінде шешім қабылдады. Өйткені ол 3 тамызға шейін Деревянченкомен айқасудан бас тартқан болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: