- Аптаның екінші күні қажылық парызын өтеуге ниет етушілер аудандар мен ауылдардан арнайы келіп, облыстық орталық Мәшһүр Жүсіп  мешітіне жиналды, - деді  орталық мешіттің баспасөз қызметінде. -  Әзіргі мәлімет бойынша Павлодар облысынан қажылық парызын өтеуге 20-дан астам жамағат ниет білдірген. Оларды қарсы алған облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы әрқайсысымен танысып, құжаттарының түгел болуына көңіл бөліп, денсаулықтарына байланысты ақыл-кеңестерін айтты.

Сонымен қатар қажылыққа бару үшінгі жан-жақты дайындықтары  талқыланды. Қажылық мерзіміндегі ең басты шарт - ниет, сол жерлерде кездесетін жақсылықтар мен сауаптар, жол машақаты, ауыртпалықтар   жан-жақты  ескерілді.

 Облыстық орталық  Мәшһүр Жүсіп мешітініде биылғы қажылыққа ниет етушілерге арналған аптасына бір рет арнайы семинарлар  өткізіледі.  Оған орталық мешіттің білікті имамдары, қалалық қажылар қауымдастығы (төрайымы Рымтай Сапарбекқызы) және бұрын қажылық парызын өтеп келген тәжірибелі қажылар  белсене қатысуда.


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам