Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде  өткен баспасөз жиынында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Асхат Омаров айтты.

- Әзірге бізге техникалық ақауларға байланысты қоқыстың шығарылмағаны ғана белгілі, - деді Асхат Омаров. – Нақты қандай техниканың істен шыққаны алдағы уақытта анықталады. Қоқыстың шығарылуына жауапты ұйымдарға ЖПҚ мен қоғам денсаулығын қорғау департаменті әкімшілік жаза қолданады. Өйткені ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылып отыр.

Сонымен қатар,  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Испулов өңірдегі қалалар мен аудандардың елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жайлы айтып берді.



- Облысымыз бойынша 34 шақырым жол жөнделіп, 84,3 мың шаршы метр жол жабындысына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді Талғат Испулов. – 137 аулалық аумақ абаттандырылып, 112 балалар ойын алаңы жөнделді. Қоғамдық көлік аялдамасының 106 бірлігі орнатылып, 8371 көше қоршауы қойылды. Оған қоса,  тыйым салынған 110  қоқыс орыны жойылды.

Бұған қоса, биыл Ертіс өңірінде 92097 ағаш және 986 шаршы метр көгал, 44910 шаршы метр гүлзар  отырғызылады.

Оразбек Саяхат

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам