Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіровтың айтуынша, байрақты бәсекеге еліміздің 17 өңірінен барлығы 300-ден астам балуан келген.

- Бұл дода – Азия чемпионатына іріктеу болмақ, - дейді Нұрлан Байбәкіров. – Азия чемпионаты тамыз айында Иранда жоспарланған. Боз кілемде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер күш сынасуда. Жеңімпаздар жарыстың үшінші күні белгілі болады. Жерлестеріміздің дайындығы жоғары. Барлығы жүлдеден үмітті. Павлодар облысының намысын 20-дан астам балуан қорғайды. Оның ішінде Екібастұз өңірінен 8 спортшы бар.

Айта кетейік, Екібастұз қаласындағы ел біріншілігі 11 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, спорт