Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Құрылыс саласы есепті кезең бойы біркелкі емес серпінді көрсетіп отыр. Яғни, атап өтсек, ағымдағы жылғы қаңтарда 14,9%, қаңтар-наурызда 5,9%, қаңтар-сәуірде 2,1%, ал қаңтар-мамырда 0,3% дейін жеткен. Осылайша, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында құрылыс саласының өсу үрдісі нөлдік мәнге, яғни, 0,3% дейін жақындап, ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 3,8% дейін күрт артқан. Өсу тұрғын үй ғимараттарының, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысанардың, магистральдық газ құбырлары мен құбыр жолдарының, газ компрессорлық станциясының құрылысы, Семей қаласындағы автокөлік жолдарын, ұшу-қону жолағын реконструкциялау, Шымкенттегі мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстарының артуына байланысты болған», - деді министр.

Сонымен қатар, елдегі ауыл шаруашылығы өнімі 4,0% артып, біртіндеп күшеюде. Өсудің нығаюы мал шаруашылығының озық қарқынымен байланысты болып отыр.

«Тұтынушылық сұраныстың күшеюі мен экономиканың нақты секторындағы тұрақты іскерлік белсенділік көрсетілетін қызметтер саласының өсу драйверлері болды. Оның өсуі 3,8% құрады. Сауда мен көлік саласында дамудың қолайлы серпінінің 5,9% және 4,9% жеделдеуі тіркелді. Байланыстың өсу қарқыны 5,9% құрады. Өңірлік бөліністе экономиканың барлық дерлік салаларында оң өсу қарқыны байқалады. Өнеркәсіпте 3 өңірден, яғни, Батыс Қазақстан (-1,4%), Түркістан (-3,9%) және Қызылорда (-4,7%) облыстарынан басқа барлық өңірлер өсуді көрсетіп отыр», - деген министр енді өңірлердің даму серпіні бойынша 16 аймақтың орнына 17 өңірде бақылау жүргізілетінін атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: