Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктегі ІІД көші-қон полициясының бөлімі жарты жылдың ішінде заңсыз көші-қон арналарын жабу үшін «Мигрант», «Тәртіп сақшысы», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев 1 526 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты, соның ішінде елде болу ережесін 1293 шетелдік, атап айтқанда, 1247 ТМД, 46 алыс шетел азаматы бұзған. Соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: