Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева айтты.
 
- Бала есін жиды, - деді баспасөз хатшысы. – Дәрігерлердің сұрақтарына ыммен жауап береді. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті ем шараларын қабылдауда.
 
Еске сала кетейік, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде тоғыз жасар бала құлап жарақат алған.

 Омыртқасын зақымдаған және бас ми жарақатын алған жеткіншек санавиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, екі тәулік бойы комада жатқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам