Өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесінің менеджері Алма Қозыбаева байқауға 65 жұмыс келіп түскенін айтады.

- Байқауға салынған суреттер мен әртүрлі материалдардан құрастырылған қабырға суреттері және мүсіндер қабылданды, - деді Алма Қозыбаева. – Қарындашпен салған суреттер де бар. Ол жұмысты жеке бағалап өттік. Лебяжі ауданынан киіз үй, алтыбақан, Бәйтеректің мүсіндері жіберілді. Мұны кішкентай бала жасай алмасы анық. Алайда, балалардың жұмысына ата-аналардың араласуы тәрбиелік мән береді. Біз үшін маңыздысы осы.

Қорытынды шарада 13 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастырушы облыстық ішкі саясат басқармасы қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы заттар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, Рухани