- 16-29 жас аралығындағы 36 сарбаз шілде айында, 37 сарбаз тамыз айында ауқымды жұмыстар атқармақ, - дейді «Жасыл ел»  аймақтық штабының командирі Назерке Сағындықова. - Олардың  басым бөлігі студенттер.   Сонымен  қатар, жұмыссыз жүрген жастар  мен 16 жасқа толған мектеп оқушылары да бар.  Аудан бойынша барлығы  жеті қасиетті  орын анықталған.  Оның ішінде  төрт қасиетті орын -  Бәкі Басарұлы  ескерткіші,  Қайсы Нұрғазыұлы  мазары,  Қалмақ қырылған   және  Кемер тұз  қасиетті жерлерін тазалаймыз. Бұдан бөлек, жастар жасағы ауданымыздағы 20-дан аса  қария  мен тыл ардагеріне, мүгедектерге көмек көрсетуде.  

«Жасыл ел» облыстық штабының комиссары Заур Советтың айтуынша, жастарды қажетті құрал-жабдықтармен және бояумен Көктүбек селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Сағынбаев қамтамасыз етсе, «Армандастар»  орталығы  бас киімдер мен футболкалар, қолғаптар  ұсынған.

Бүгінгі күнде «Жасыл ел» жастар жасағының сарбаздары  аудан ішіндегі Жеңіс  саябағын, Ардагерлер аллеясы  мен  ескерткіштерді түрлі қоқыстардан тазалап, сырлау жұмыстарын жүргізуде.  Бұдан басқа,  «Таза шалғын», «Таза жағажай», «Таза демалыс» атты  экологиялық акцияларға  белсенді қатысуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам