Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақсу қаласының Қамзин көшесі, 21 мекенжайында сағат 21.00-де орын алған.

- Сәби бес қабатты үйдің екінші қабатынан құлап түскен, - деді баспасөз қызметінде. – Ол Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін  үйде бұл кезде баланың ата-анасының қарауынсыз қалғаны анықталды. Абырой болғанда, бала аман қалды.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева сәбидің жағдайы жайлы айтып берді.

- Бүлдіршін Ақсу қаласының ауруханасынан жерүсті санавиациясы арқылы Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бала жеңіл ми жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бірқалыпты. Оның қасында әжесі бар, - деді Эльмира Темірғалиева.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар облысы