Облыстық ТЖД баспасөз қызметінде КамАЗ көлігінің отқа оранғаны туралы ақпарат кезекші тетігіне 10 шілде күні сағат 19.55-те түскенін айтты.

- Сұйытылған пропан газын құю кезінде сыйымдылыға 38 текше метр  жүк көлігінің техникалық резеңке бұйымдары жана бастаған, - деді баспасөз қызметінде. – Өрттің аумағы төрт шаршы метрді құрады. Салдарынан 35 жастағы көлік жүргізушісі бірінші дәрежелі иық буынының күйігін алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу салдары анықталып жатыр.

Оқиға орнында ТЖД-нің үш қызметкері, Шідерті кентінің жол-медициналық құтқару қызметі, тергеуалды жедел тобы және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеді.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар облысы