Технологиялық колледж бен ПМПУ-нің студенттері жұмысты 2 шілде күні бастаған.

- Біздің жасақта 20 студент бар, - деді колледж жасағының командирі Данияр Ақылбеков. – Бір аптаның ішінде біз сегіз үйдің жөндеу жұмыстарымен қатар үш көшені арамшөп пен қоқыстардан тазарттық. Сонымен қатар, әр үйдің қасына жеткізілген құм мен кірпіштерді аулаға кіргізіп жатырмыз. Осылайша судан зардап шеккен Екінші Павлодардың тұрғындарына шамамыз келгенше көмектесіп отырмыз.

Жасақ командирының айтуынша, бұл жұмыс айдың соңына дейін жалғасады. Осында жалпы 89 студент еңбек етуде. Сарбаздар  таңғы сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін аптасына бес күн жұмыс істейді. Олардың әрбіреуі 68 мың теңге жалақы алады.

- Бізге көмектесуге келген студенттерге ризамын. Мен жалғызбасты зейнеткермін. Бүкіл өмірімді осында өткіздім. Денсаулығым болмаса да, жазда бақша отырғызуды ұнатамын. Бүгін сарбаздар бақшадағы картоптың шөбін жұлып, үйдің жан-жағын қоқыстан тазартып берді, - деді аудан тұрғыны Галина Меланич.

Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында Алтай, Якутск, Таллинск, Целинная, Днепропетровск, Димитров көшелеріндегі 200-ге тарта үйді су басқан. Су басқан үйлерге 25 кәсіпкер құрылысқа қажетті жабдықтар әкеліп жеткізді.

 

Назым Қарабаева

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам