Бұл туралы облыстық сотта полицейлердің қатысуымен «Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін көтеру» тақырыбына өткен дөңгелек үстел кезінде мәлім болды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік жауапкершілікке  ҚР ӘҚжК 73-бабы бойынша тұрмыстық саладағы іс-қимылға  қарсы әрекеттер үшін 1323 құқық бұзушы және 461-бабы бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 257 адам жауапкершілікке тартылған.  

Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің атынан ювеналды бөлім бастығы, полиция подполковнигі Бибігүл Қамзина және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айгүл Ысқақова қатысты.

- Міндетті шаралармен қатар, отбасы беделін арттыруға ықпал ететін, некеде болу және отбасы құндылықтарын насихаттайтын әртүрлі іс-шараларды неғұрлым көп жүргізу қажет. Белсенді өмірлік ұстанымын құрметтеу - өзін тұлға ретінде құрметтеуге негізделген әрі   қоғамда дұрыс қалыптасуына  септігін тигізетін маңызды фактор. Мұндай отбасыларға психологиялық көмек көрсетуде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, - деді Айгүл Ысқақова.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы