«Алюминий зауыты» АҚ-на  атбасын бұрған Мәжіліс депутаттары Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова мен Анар Жайылғанова бірінші кезекте  цехтарды көріп шықты. 

Мәжілісмендерге вагонтөңкергіш цехының жұмысы көрсетілді. Әрі қарай қадірлі қонақтар қыздыру цехына барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.

Халық қалаулылары қарапайым жұмысшылардың хал-жағдайы мен мұң-мұқтажын сұрастырды. Осы жерде зауыт директоры Рафаэль Қадыров өндіріс үрдісімен таныстырды.

- Алюминий зауыты – бұл өте қуатты, елімізде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие өнім шығаратын алып өндіріс орыны. Бүгінде зауытта жаңа технологиялардың енгізіліп жатқанын көрдік. Цифрландыру жүзеге асырылуда. Бұл зауыттың ел экономикасына қосқан үлесі өте зор. Мұндай алдыңғы қатардағы кәсіпорындар әрі қарай дамып, айналасында кіші және орта кәсіпкерлікті жетілдіру керек, - дейді депутат Мейрам Пішембаев.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам