Сайысты ашқан облыстық ІІД  мамандармен жұмыс  басқармасы бастығының м.а. Асхат Нағыманов  қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Самбо – бүгінгі күнде танымал және қарқынды дамып келе жатқан жекпе-жек түрлерінің бірі, - деді Асхат Нағыманов. – Бұл спорт түрінің техникалық арсеналының негізі - әскери жекпе-жек түрлерінен және әлем халықтарының ұлттық күрестерінен алынған қорғану  мен  шабуыл жасаудың ең тиімді кешендері.  

Облыстық ІІД-нің қызметкерлері сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті.

 Нәтижесінде 57 келі салмақ дәрежесінде Данияр Баймағамбетов (Павлодар қ. ІІБ), 62 келі салмақ дәрежесінде Ерлан Сыздықов (ІІД АДБ), 68 келі салмақ дәрежесінде   Нұрлан Тоскарин (ІІД ЖҚАЖ)  бірінші орынды қанжығаларына байлады.

74 келі салмақпен Сұлтан Какенов (ІІД ЖҚАЖ), 82  және 90 келіде – Ержан Папанов (ІІД ЖҚАЖ), 100 келіде – Руслан Қантарбаев  (ІІД ЖҚАЖ) және 100 келіден жоғары салмақта  Еркебұлан Егінбаев   (ІІД ОЖВ) қарсыластарын шақ келтірмеді.

Командалық есеп бойынша 3-орынды  Ақсу қаласының ІІБ иеленсе, 2-орын   ІІД аппаратының құрама командасына бұйырды. 1-орынды  ІІД ЖҚАЖ құрама командасы жеңіп алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт