Бұл туралы ortcom.kz хабарлайды.

Жиын барысында ол ауа температурасы көтерілуіне байланысты халық арасында жіті ішек инфекцияларының, вирустың таралу қаупі де артатынын айтып өтті.

«Осы мезгілде адамдардың тамақтанатын объектілерінде, тамақ өнімдерінде және суда қоздырғыштардың сақталуы мен көбеюі үшін қолайлы жағдай туады. Ауру инфекция жұқтырылған тамақ өнімдерін, ластанған ауыз суды ішкенде, науқастармен және бактерия тасымалдаушылармен қарым-қатынаста болған кезде лас қол және тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Үй жағдайларында тамақтан уланулардың алдын алу мақсатында өнімдердің сапасын мұқият бақылау керек. Тұрмыстық жағдайда адам көбінесе уытты инфекциямен ауырады. Егер өнім аздап бұзыла бастаса, улануды тудыратын бактериялар пайда болады. Ішек таяқшаларының алдын алу үшін мынадай қағидаларды сақтау қажет, жеке бас гигиенасын сақтау, тамақ ішу алдында, дәретханадан кейін, даладан үйге оралғаннан кейін қолды жақсылап жуу, қайнаған немесе бөтелкеге құйылған сапасына кепілдік берілген суды пайдалану, тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін таза қаптаманы (тамақ өнімдері үшін полиэтилен, қағаз, контейнер) пайдалану, тез бұзылатын өнімдерді сатып алған күні немесе дайындалған күні пайдалану, оларды салқын жағдайда да ұзақ сақтамау (6-12 сағаттан асырмау), 12 сағаттан астам уақыт сақталған тамақты пайдалану алдында жақсылап жылыту, рұқсат етілмеген сауда орындарында – кездейсоқ адамдардан өнімдерді сатып алмау, тамақты дайындаудың температуралық режимін сақтау (әсіресе, ет, құс еті және теңіз өнімдері мен жұмыртқаны пайдалану кезінде), дайындалған тамақты бөлме температурасында 1 сағаттан асырмай сақтау немесе дайындалған тамақты дастарханға қойғанға дейін ыстық күйінде ( 60°С жоғары) ұстау, ресми рұқсат етілген орындарда шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысу», деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол той және тағы басқа да жиын өткізерде алдымен тойхананың әсемдігіне емес, оның ішкі тазалығына баса назар аудару керектігін алға тартты.

«Біз тойға барсақ ең бірінші залдың әдемілігіне қараймыз. Асханаға бармаймыз. Ол жерде тамақтарды қайда сақтайды. Тоңазтқышы бар ма? Кейбір мейрамханалар ыстық су болмаса да той жасаған. Бұндай жағдайларда кездесті. Әрине осындай мәселерді бірінші қарау керек. Сонымен қатар, қызметшілер түгелме, даяршылары толық па, аспазшының арнаулы киімі бар ма. Осы сияқты маңызды сұрақтарға мән берген абзал», деді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: