Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға күндіз 12 шілдеде АЖС-да (Автокөлік жанармай станциясы) Совхоз көшесінде болған. Оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі Skandal.krg парақшасы жариялаған. Видеода АЖС-тың өртенгеннен кейінгі бейнесі түсіп қалған. Видеоны жариялаған автордың сөзінше, автобекетте болған жарылыс даусының қатты болғаны соншалық, жанармай бекетін түгелдей ұшырып кете жаздаған. Қарағанды облысының ТЖД-нің баспасөз қызметінің өкілдері жарылыс болғанын растады.

"12 шілдеде сағат 15.43-те Қарағандының Совхоз аймағында жанармай бекетін найзағай ұрғанын хабарлады. Оқиға орнына 5 техника мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 24 адамы жіберілді. Найзағай салдарынан төрт отын шығаратын бак жанып кетті ", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару операциясы сағат 16.30-да аяқталды. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған контейнерлерді сөндіру үшін өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. ЖҚС аумағында жану тіркелмеген.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: