Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Шілделік шадыман көңіл-күймен балалар мектеп алдындағы алаңға жайғаса отырып, бордың көмегімен жасалатын шығармашылықтарына кірісті, - деді баспасөз қызметінде. – Сурет фестивалі барысында балалар өз туындыларында Астананың көркем ғимараттарын, бақытты қала тұрғындарын, полиция қызметкерлерінің бейнелерін, жол белгілерін, тіпті, қызметтік көлік түрлерін бейнеледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай фестивальдерді өткізу балалардың Отанға деген махаббатын, патриоттық сезімін арттыруға жетелейді. Сондай-ақ, ішкі істер органдары туралы түсініктерді, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол жүру ережесін бұзбауға үйретеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: