Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«15 шілдеде 01.14-те автомобильдерге арналған айып тұрағы аумағында «КамАЗ» көлігі өртеніп, салдарынан жалын маңындағы өзге жеңіл машиналарды және оған жақын орналасқан жиһаз чехын шарпыған. Өрт 02. 13-те ауыздықталып, 03. 05-те толықтай сөндірілді» - делінген хабарламада.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, алайда 35 автомобиль жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 өрт сөндіру қызметкері және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі кезде өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: