Павлодарда қаласының 298 жылдығы Ертіс жағалауында атап өтілді. Ertis Promenade сахнасында жергілікті және омбылық ұжымдар театрландырылған қойылымдарын көрсетті.

Қала тұрғындарын Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов те құттықтады.

- Қаламыз дамып келеді, - деді Нұржан Әшімбетов. – Оған инвесторлардың қосып жатқан үлесі зор. Олар Павлодарды абаттандыру мен көркейтуге қомақты қаржы бөлуде. Әр павлодарлықтың қаламызды жақсартуға мүмкіндігі бар. Сол жолда аянып қалмайтын сіздерге алғысым шексіз.

Сонымен қатар, Ertis  Promenade сахнасында қалалық мәслихаттың 37-сессиясында қабылданған шешім бойынша «Павлодардың құрметті азаматы» атағы қаланың тоғыз көптен бергі тұрғыны мен ақсақалдарға берілді.

Нұржан Әшімбетов Омбы мен Новосібір басшыларына екі жақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлестері үшін марапаттар беріп, қаланың дамуына үлес қосқан павлодарлықтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды таыстады.

Дулат Райымбек
Фото: Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала күні, қоғам