Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Энрике соңғы маусымды "Карабах" сапында өткізді, ол онда Әзірбайжан чемпионатының 19 ойынына қатысып, үш гол салды. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде төрт ойынға қатысты.

"Карабах" және ПАОК клубтарына дейін Энрике француздық 1 лигадағы "Ренн" командасы үшін өнер көрсетті. Сондай-ақ ол швейцариялық "Цюрих" және бразилиялық "Кашиас" командаларының намысын қорғаған болатын.

"Маған Еуропада тиімді ұсыныс жасады, бірақ мен "Астананы" таңдадым. Себебі мұнда келісімге келу жеңілірек болды. Команда жетекшілері маған не істеуім керектігін және клубтің мақсаты мен менен қандай нәтиже күтетіндерін нақты түсіндірді. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе және командамен бірге өзімнің не істей алатынымды көрсететін үлкен мүмкіндік" - дейді Энрике.

28 жастағы Энрике мен ПАОК командасының арасындағы келісімшарт 2020 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Оның қазақстандық клуб сапында жалға өнер көрсететіні немесе "Астана" ФК бразилиялықты сатып алатыны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 2017 жылы ПАОК Энрикені "Ренн" клубынан 1,6 миллион еуроға сатып алған еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: