Қазақстандық режиссерлер Камилла Әбділдинова мен Камила Бердімұратованың байқау бағдарламасына ұсынған «Потому что люблю» деректі фильмі көрермен көзайымы аталымына ие болды.

Павлодарлықтардың пікірімен Еrtіs Cinema кинофестиваліндегі байқау бағдарламасы бойынша үздік ойын фильмі ретінде – ресейлік режиссер Алексей Соколовтың «Липовый чай» туындысы таңдалды.

Көрермендердің көп дауысын жинаған, байқау бағдарламасына кірмейтін үшінші фильм - Темірлан Ердаулетовтың «Дед» фильмі.

- Біз таңғы сағат сегізден бастап, түнгі екіге дейін жұмыс жасадық. Бағдарлама тығыз болды, - деді сайыстың ұйымдастыру комитетінің өкілі, кинорежиссер Людмила Лебедева.

Еске сала кетейік, «Рухани жаңғыру» аясында Павлодарда қысқа және деректі фильмдердің І халықаралық Ertis Cinema кинофестивалі өтті. Оған 21 елдің режиссерлері қатысты.

Фестивальге ұсынылған фильмдер Ertis Cinema және Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында көрсетілді.

Дулат Райымбек
Фото: Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, кинофестиваль, Рухани