Ауданның құрметті тұрғынының мүсіні ауылдық әкімдіктің алдына орнатылды. Өйткені, Қабиден Әубәкіров 20 жылға жуық уақыт ауылды басқарып, оның дамуына елеулі үлес қосты.



- Ол басқарушы болған тұста алғашқы тұрғын үйлер салына бастады, - дейді Қабиден Әубәкіровтің кіші інісі Бақытты Паванов. – Оған өзіне лайық құрмет көрсетілуі керек. Өйткені, ол ауылдың Сұлтанмахмұд Торайғыровтың атын алуына себепкер болды.

Сонымен қатар, ауылдық әкімдіктің ғимаратында Қабиден Әубәкіровке арналған кабинет ашылды. Ауылдықтар атақты жерлестерінің жұмыс орынын шамаларынаша қалыпқа келтірді. Кеңсені көзбен көргендер өткен ғасырдың 70-80 жылдарында болғандай күй кешеді.



- Көбісі Қабиден Әубәкіровтің тұсында Баянауыл ауданында 34 қой өсіру фермасы ашылғанын, Торайғыр ауылы мен аудан орталығының арасындағы жолдың салғанын біле бермейді, - деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Сондықтан біз болмысы бөлек жерлестеріміз туралы естелікті жадымызда сақтап, келер ұрпаққа жеткізуімі қажет.



2012 жылы Қабиден Әубәкіров «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. Өмірінің соңғы жылдары Алматы қаласында тұрақтады.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, қоғам