- Гагарин көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төрт бөлмелі  пәтерінде  электр плитаның үстінде тұрған  тағам жанған, - деді  облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде. –  Салдарынан ысты газдан уланып қалған 81 жастағы  әйел адамға алғашқы  медициналық көмек көрсетілді. Зейнеткер ауруханаға барудан бас тартқан.  

Өрт шыққан үйдің бірінше қабатынан құтқарушылар бір адамды терезе арқылы сыртқа алып шықты.  Оқиға орнында № 2 және № 34 өрт сөндіру бөлімдерінен алты адам мен үш техника  жұмыс істеді.

Бұдан басқа, Шөкин  көшесі, 157/2  тоғыз қабатты  тұрғын үйдің  екі бөлмелі пәтерінде асүйде тұрмыстық  жиһаздар мен линолеум, пластик терезе  отқа оранған. Қызыл жалын сегіз шаршы метр  аумақты шарпыған. Өздігінен 10 адам сыртқа шыққан. Оның  бесеуі – бала.

Өрт туралы хабарлама  сағат 10.55-те түсіп,  сағат 11.32-де толық сөндірілді.

Тілсіз жаудан   42  жастағы  тұрғын құтқарылды. Аяқтарының жоғары бөлігін үш пайыз күйік шалған ер адам № 1 қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылған.  

Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД-нің өрт сөндіру бөлімшелерінен бес техника мен 23 адам жұмылдырылған.  

Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаның орын алуына өрт сөндіру ережелерін сақтамау   себеп болған.

Ақбота Сейсенбаева



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам