-  Қатты жауын күндіз Павлодар мен Ақсу қалаларында, түнде  Екібасұзда жауды, - деді «Қазгидромет» РМК гидрометео бақылау бөлімінің басшысы Галина Шпак. -  Әуежайда орналасқан метеостанция 18 миллиметр жауын-шашынды тіркеді. Бұл көрсеткіш он күндік нормадан жоғары.  Ломов көшесінде орналасқан экологиялық бекетпен ұсынылған мәліметке сүйенсек, екі сағаттың ішінде 60 миллиметр түскен. Қалыпты көрстекіш - 55 миллиметр.

Айта кетерлігі, қатты нөсер мен найзағайдың салдарынан қалаларда электр энергиясы үзіліп, үйлер мен  жолдарды су басты.

Өңірлік ТЖ департаменті мамандарының айтуынша, Тәуелсіздік даңғылы,   Естай, Сәтбаев, 1 Май, Крупская, Лермонтов, Қамзин, Бектұров, Ломов көшелерін су басқан. Сондай-ақ, жеке сектордағы Арғынбаев, Мойылы, Железнодорожная, Целинная, Алтай, Донецкая, Байзақов көшелері де зардап шекті.

 - 1992  жылы тәуліктік жауын-шашынның ең жоғары көрсеткіші 78 миллиметрге,  2017 жылы - 49 миллиметрге жеткен, -  деді спикер.

Галина Шпактың сөзінше, осы аптада мұндай нөсерлі жауын  қайталанбайды.

Томирис Бекжан

Фото,  видео: Instagram kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: осадки, Павлодар