Бұл туралы Ақсу қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мектеп директоры Жанар Қалиеваның айтуынша, аталмыш байқауда «Русские узоры» ансамблінің құрамындағы  26 баланың 17-сі  ел намысын қорғаған. Бұл жолы ансамбльдің 11-15 жас аралығындағы ересектер тобы өнер көрсетті.  Жетекшісі - Лариса Бабкина.

Барселона - Коста Брава (Испания) - Канн  (Франция) - Ницца (Франция) - Монте-Карло (Монако) - Сан-Ремо (Италия) бағыты бойынша өткен  Халықаралық фестивальге Америка Құрама штаттары, Англия, Африка, Германия, Ресей, Мексика, Өзбекстан және  басқа да мемлекеттерден 60 шығармашылық ұжым, барлығы 2000-нан астам бала  бақ сынаған.  Шара барысында жас өрендер Испания, Франция, Италия елдерінің мәдениетімен танысып, Монако Княздігінде  болды. 



-  Шет елде өз өнерін паш еткен «Русские узоры» халықтық ансамблі өздерінің орындаушылық, кәсіби шеберліктерінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, - дейді Жанар Қалиева. - Халықаралық додада топ жарған ансамбльдің жеңісі - дарынды бабаларды дәріптеп, олардың өнерлерін шыңдап жүрген мектеп ұстаздары мен үнемі жандарынан табылып қолдау көрсететін ата-аналарының  еңбегі. «Өнер» мектебінің ұжымы және ата-аналар Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа және ERG Көмек корпоративтік қорына жас дарындарға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Айта кетерлігі,  биыл 55 жылдығын атап өткен «Өнер» мектебінде  бүгінгі таңда 32 мұғалім жұмыс істейді, 394 бала музыка, өнер, хореография бағыттары бойынша білім алуда.  

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ақсу қаласы әкімінің баспасөз қызметі




pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет