Қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Ақертіс Солтанбаев еуропалық топтың атын жамылып өнер көрсеткен «белгісіз әншілерге» қатысты жағдайды түсіндірді.

Айта кетейік,  La Bouche тобының менеджеры Рубен Дарио Мартинез NUR.KZ порталына хабарласып, Павлодар қаласына ұжымның өзі келмегенін айтқаны туралы ақпарат тараған.

-  Onita Boone 2016-17 жылдары топтың құрамына енген, -  дейді Ақертіс Солтанбаев. – Ол ресми лицензиясы бар Be my lover сияқты әндерді орындаған. Яғни, оның продюсері ескі өлеңдерді айта алады деген анықтамасын ұсынған болатын.  Ал, бүгінгі таңда өнер көрсетіп жүрген  жаңа құрамдағы қыздардың ескі әндерді айтуға лицензиясы жоқ.

Қала күні  орталық жағалауда өткен мерекелік концертке «La boyche» тобының келіп өнер көрсетуін қалалық әкімдік қаржыландырған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: «MyPavlodar»

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам