Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Тек оңтүстікте және солтүстікте ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аумақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК-ның берген мәліметтеріне сүйенсек, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрады.

Алматы, Түркістан, Атырау облыстарында, күндіз Ақтөбе, түнде Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-22 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, Түркістан, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей аумақтарында аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында өрт тұтану қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам