Бұл туралы ortcom.kz хабарлайды.

«Бұл бағытта үлкен жұмыс жасалды. Өткен жылы Елбасыда денсаулық сақтау саласының алдына бірнеше міндеттер қойды. Ең бірінші еліміздегі Денсаулық сақтау саласындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар отандық фармацевтикалық өндірушілерді және медицина саласындағы жеке меншік секторды қолдап салаға инвестиция тарту, цифрландыру жұмыстарын жүйелі жүргізу тағы да басқалар. Өздеріңізге мәлім біз осы жылдан бастап тегін медициналық қамтамасыз ету мәселесін республикалық деңгейге көшірдік. Өткен жылда осы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 100 миллиардтай ақша бөлінген болатын. Оның жартысы республикалық бюджеттен ал жартысы жергілікті деңгейден. Жылдың басында көп азаматтарда өзінің тегін дәрі-дәрмектерін алуға бірнеше қиындықтар туындаған болатын. Біз сол күндерден бастап туындаған мәселелерді шешумен айналыстық. Жалпы еліміз бойынша фармация коммитетіне 2 мыңнан астам азаматтардан түрлі-түрлі ақпараттар келді. Барлық жағдайларды тексердік. Хроникалық аурумен ауыратындар тізімге кірмеген. Соларға тегін дәрі-дәрмек жоспарланбаған. Екінші мәселе жергілікті деңгейден қажетті қаржыландыру болмағандықтан көп азаматтарға дәрі-дәрмек жетпеген. Мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны соңғы 5 жыл ішінде 15 пайызға артқан. Дәрілік заттармен қамту процесінің тиімділігі мен ашықтығы мақсатында ағымдағы жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру жүргізілді, онлайн трансляция режимінде сатып алуды ұйымдастыру нәтижесінде бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді. Қазір өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары осы сомаға орталықтандыру кезінде анықталған тапшылықты жабуға және емделуге мұқтаж барлық азаматтарды дәрілік қамтамасыз етумен қамтуға қосымша өтінімдерді қалыптастырды», деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сонымен қатар ол осы айда 2019 жылға арналған дәрі-дәрмекті сатып алу жүргізілетінін жеткізді.

pavlodarnews.kz

Тэги: