Бұл туралы Елбасы Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен жиын барысында айтты.

- Павлодар облысы білім саласындағы цифрлы технологияларды енгізу бойынша алғашқылардың бірі болып белгіленді, -  деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Жалпы осында 80 жоба іске асырылуда. «Smart City» жобасын соңына дейін жеткізіп, басқа өңірлерге үлгі болу керек.

Сонымен қатар, Павлодар облысы шағын әрі облыс орталығының жоспарын сауатты адамдар жасаған. Мысал ретінде Елбасы Қазақстанның астанасы қалай салынғаны жайлы айтып кетті.

- Астананың көшелері кең қылып салынған. Сөйтсе де,  екі есеге кеңдеу салмағаныма өкініп тұрмын. 1926 жылы Анкарада Осман империясы құлдыраған кезде Түркия қандай көлемде болды, қазіргі кезде де сондай көлемде қалды. Сонда Ататүрік былай деген: «Мен кең көшелер салдым». Сол кезде  басқалары: «Жерді неге алып тұрсың?» деген болатын. Қазір Анкарада жол жүру қиын. Ал осында бұл бағытта жұмыс істеуге болады, - деді Елбасы.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен бір күнге келді. Президент алюминий өндіретін «Giessenhaus» ЖШС, кабель өнімін шығаратын «Қазэнергокабель» АҚ мен Павлодар мұнай-химия зауытында болып қайтты.

 

Фариза Қазыбекқызы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, Президент