Бұл туралы ortcom.kz хабарлайды.

Ерлан Қариннің айтуынша Футболдан әлем чемпионаты бұл барлық футболсүйер қауым үшін спорт әлеміндегі маңызды да, қуанышты оқиғалардың бірі.

«Өздеріңіз білетіндей «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол ойындарының барлық 64 матчын толығымен тікелей эфирде көрсетті. Ресейдегі FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының көрсеткіші 2014 жылғы Әлем чемпионатына қарағанда 16% -ға артты», деді Басқарма төрағасы.

Жиын барысында «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин Футболдан әлем чемпионатын тікелей эфирдегі көрсетілімін жоғары деңгейде өткізілгендігіне көрермен тарапынан білдірілген жақсы пікірлер дәлел екенін жеткізді.

«Сонымен қатар, әрбір матчтың орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрерменді жинады. Соның ішінде көрсетілім жағынан ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Ресей-Хорватия ойыны болды, LIVE режимінде 339 455 адам тамашалады. Ал, Ресей- Сауд Арабия ойынын бар жоғы 16 819 адам қараған болып шықты. Сондай-ақ, көрермендеріміз футболды «Qazaqstan TV» қосымшасынан көру мүмкіндігіне ие болды, қазіргі сәтте бұл қосымшаны 263 511рет жүктеген. Айта кетейік, тағы бір жақсы жаңалығымыз – 2022 жылы Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болдық», деді Ерлан Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым – 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өткен болатын. Бұл жарысқа әлемнің ең таңдаулы 32 ұлттық құрама қатысты. Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатының Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми хабар таратушылары – «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары.

pavlodarnews.kz

Тэги: