Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

«Жер заңнамасының орындалуына жүргізілген тексеру барысында жеке тұрғын үй салу үшін жер беру жұмыстарынан өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Құзырлы орган өкілдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жарияланған мараторийді назардан тыс қалдырып, коммерциялық мақсаттағы жерлерді аукцион ұйымдастырмастан беріп жіберген. Осы заңсыздықтар үшін 34 лауазым иесі жазаланды, олардың арасында басшылар да бар. Нақтырақ айтқанда, Құрманғазы ауданының әкімі, Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарлары, архитектура және жер қатынасы бөлімдерінің жетекшілері»,-деді Атырау облыстық прокуратурасының өкілдері.



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам