«Қазхром» АҚ корпоративтік коммуникация қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындары үшін басты шара Ақсу қаласының орталық стадионында 20 шілде күні 20:00-де басталады. Ақсулықтар үшін бұл күні ресейлік жұлдыз Сати Казанова мен қазақстандық «Орда» тобы өнер көрсетеді.

- Мерекелік  шара кәсіпорын басшыларының негізгі балқыту цехтарын аралауынан басталады. Бұл күні  өз ісінің майталмандарына ерекше құрмет көрсетіледі. Кейін зауыт басқармасының алаңында жаңартылған Құрмет тақтасы ашылады.  Сол жерде зауыттың ең мықты инженерлері, балқытушылары, дәнекершілері, монтерлер мен өзге мамандар бар 33 өндіріс озатының портреттері ілінеді.  Олар жыл бойы еңбекақыларына 20 пайыз үстемеақы алып отырады, - деді Виктория Машкарина.

Сағат 16.00-ден қалалық саябақта Ақсу қаласының барлық тұрғындары үшін «Зауыт батыры» деген  күш сынасу шоуы басталады.  Ең күштілер атағы үшін Еуразиялық Топтың павлодарлық кәсіпорындары - «Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ және Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскерлері күреседі.  

Сағат 17.00-де металлургтер қаланың ең жас тұрғындарын балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасына шақырады.

Мерекелік кештің соңында отшашу шашылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет