Бұл туралы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Жарыстың бірінші күні боз кілемге шыққан грек-рим күресінің балуандары бес салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады, - деді баспасөз қызметінде. – Жас балуандарымыз бұл сында ел қоржынына төрт қола медаль салды. Павлодарлық Антон Савенко 130 келіде Азия чемпионатының қола медаліне қол жеткізді.

Құрлықтық бәсекедегі ең ауыр салмақта бақ сынаған Антон Савенко бірінші белдесуінде Иран балуанына 1:2 есебімен ұтылды. Алайда, қола медаль үшін күресте Қытай балуанын 8:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Үндістан елінде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатына грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша Қазақстанның атынан 30 балуан қатысуда.

Оразбек Саяхат
Фото: wrestling.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, грек-рим, спорт