Лондонға Қазақстаннан тек қана екі адам барған. Оның біреуі павлодарлық Майя Шуақбаева болса, екіншісі  - алматылық жеке телестудияның тілшісі. 

- Біз әлемге танымал Thomson Reuters ақпараттық агенттігінде болдық, - деді Майя Шуақбаева. – Осында бізге журналист мамандығының өзге де қыр-сырын ашып, заманауи ағымға бейімделіп, оқырманға ақпаратты қалай дұрыс жеткізу керек екендігін үйретті. Сонымен қатар, британдық «Guardian» газетінің журналисті Люк Хардингпен кездестік. Бұл тосыннан жасалған сый болды. Себебі, Reuters курсын бітіргендер бұрын сонды танымал журналистпен жүздеспеген едік. Сондай-ақ, ірі газеттердің бірі «TheDailyTelegraph» басылымының редакциясымен таныстық.

 Люк Хардинг әріптестеріне өзінің кітабын сыйға тартты.

Лондонға сапар кезінде Майя Шуақбаева Букенгем сарайы, Биг Бен, Тейт галереясы, Кинг Кросс сапаржайын тамашалап қайтты. Бұдан басқа, павлодарлық журналист  ВВС  британдық хабар тарататын корпорациясының жер үсті алып картасында Астана қаласының бар екенін  айтып өтті.

 

Фариза Қазыбекқызы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы