Байқауға ауылдың 30 тұрғыны қатысқан. Олар сирек кездесетін гүлдерді құмыраға отырғызып аулалардың шырайын келтірген.

Гүл егуден өзгелерден  озып шыққан Елена Третьякова жеңімпаз атанды. Ол ұзақ жылдар бойы гүл өсірумен айналысады. Әсіресе, қазтамақты ерекше сүйіспеншілікпен баптағанды ұнатады. Бүгінде бақшасындағы бұл гүлдің 200-ден астам түрі көздің жауын алады.

-    Қазтамақ гүліне бар жанымды саламын, - дейді Елена Третьякова. – Жуырда бірге оқыған құрбым Германиядан  бұл гүлдің 33 түрін, наурыз айында тағы да 13  түрін жіберген. Оның шырмауық жапырағы, аспалы, кактусты, ляписті, тікенді және тағы басқа түрлері бар.

Ауыл тұрғынының ауласынан гүлдердің тұтас  композияциясын көруге болады.   Бұдан басқа, әйел адам жолдасымен бірге  гүлдермен ғана емес, ауласын өз қолымен жасаған  заттармен де безендіреді.

Елена Третьековаға тең келетін гүл өсіруші табылмады. Павлодарское ауылының әкімі оған теледидар мен Batyr Mall ойын-сауық орталығына сертификат табыс етті.  Сыйлықтар мен сертификаттар екінші және үшінші орынды иеленген Ксения Плотникова мен Татьяна Швацкаяға табысталды.

Томирис Бекжан

Фото: Маргарита Чудакова

 

pavlodarnews.kz

Тэги: общество